Түркістандағы облыстық перинаталдық орталыққа қосымша ғимарат салынады, деп хабарлайды On’tu’stik телеарнасына сілтеме жасаған didarbek.kz.
Бір мезетте 150 анаға медициналық көмек көрсететін Түркістандағы №3 облыстық перинаталды орталық алдағы уақытта 300 науқасқа ем жасайтын болады. Ол үшін бүгінде қажетті құжаттар жинақталып мемлекеттік сатып алу конкурсына жолданыпты. Сонымен қатар, аталған медициналық мекеме қазір өз пациенттеріне толықтай заманауи үлгіде қызмет көрсетуде.
Бұл мекемеге негізінен жағдайы нашар аса күтімді қажет ететін аяғы ауыр аналар жатқызылады. Олардың лайықты ем алып, жақсы жағдайда босануы үшін мұнда барлық жағдай қарастырылған. Облыс орталығының Түркістанға ауысуына байланысты аталған орталыққа қосымша құрал-жабдықтар жеткізіліпті. Соның нәтижесінде, барлық ем дом осы жерде көрсетіледі.
Ибраева Дамира Есеевна — бас дәрігердің орынбасары, акушер-гинеколог
Например, жатырды алып тастау операциялары, внематочная беременность, аналық бездің кисталарын алып тастау сияқты барлық лапароскопиялық операцияларды біздің науқастар қабылдай алады.
Сонымен қатар, аталған орталықта алдағы уақытта барлық қызметтер электронды тәртіппен көрсетіледі. Ол, үшін медициналық мекеме толықтай дайын. Себебі, қазірдің өзінде мұнда келген науқастар электронды түрде кезек алып, сол жүйе арқылы тіркеліп жатыр.
Осындай жұмыстардың арқасында соңғы уақытта орталықтағы істің оң бағытқа бет алғаны байқалады. Себебі, осы жылдың соңғы 8 айында нәресте шетінеуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 есеге азайыпты. Енді мұндағы мамандар барлық мүмкіндікті тиімді пайдаланып, «ана мен бала өлімін болдырмау үшін тер төгеміз»- деп отыр.