Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ҚАРЖЫСЫНА ҚИЯР ЕККЕН КӨП БАЛАЛЫ АНА АЛҒАШҚЫ ӨНІМІН ЖИНАУДА

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ҚАРЖЫСЫНА ҚИЯР ЕККЕН КӨП БАЛАЛЫ АНА АЛҒАШҚЫ ӨНІМІН ЖИНАУДА

Атаулы әлеуметтік көмек қаржысына қияр еккен көп балалы ана алғашқы өнімін жинауда, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.

Түлкібас ауданына қарасты Кемербастау ауылдық округінің тұрғыны Нүрилә Қаратаева үй шаруасындағы көпбалалы ана. Қосағымен бірге 3 ұл, 2 қыз өсіріп, тәрбиелеп отыр. Отағасы Мұқамеджан мекемеде жүргізуші қызметін атқарады.


-Мен Қаратаева Нүрилә Кемербастау ауылының тұрғынымын. Бұл ауылға 2005 жылы келін болып түскенмін. Көп балалы анамын. Қазіргі таңда елімізде көпбалалы аналарға барлық жағдай жасалуда. Солардың бірі атаулы әлеуметтік көмек.
Аталмыш бағдарлама іске қосылды дегенде дереу қажетті құжаттарымды жинап, көмек алуға асықтым. Сондағы ойым баршылықта, молшылықта өмір сүретін болдық қой дегенім. Расымен де, атаулы көмекті алған соң жағдаймызда едәуір жақсарды. Баяғыдай, қалай жеткіземіз деген ойлар азайды.
Атаулы әлеуметтік көмектің бірінші қаржысы 340 мың теңге мамыр айында қолымызға тигеннен соң, отағасы екеуміз ақылдасып, 200 мың теңгесіне сауынды сиыр алып, ал қалған 140 мың теңгесіне ауладағы 15 сотық жер теліміне мол өнім беретін голандтық аякс сұртты қиярды егуді ұйғардық.
Бүгін міне бала-шағамыздың несібесіне орай еккен қиярымыздан күн ара 60-70 келі өнім алудамыз. Алған өніміді Түлкібас кентіндегі көк базарға және консерві зауытына келісін 70-100 теңге аралығында өткізіп, бала-шағамыздың оқуына қажетті киім-кешегін түгендеп, сиырымызға қысқы жем шөбін дайындаудамыз.
Бізге осындай өлшеусіз көмек көрсеткен Мемлекет басшысына көпбалалы ана ретінде алғысым шексіз.

Пікір жазу