Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДЫҚТАР #BIRGE #TAZAQAZAQSTAN ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА АТСАЛЫСУДА

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР #BIRGE #TAZAQAZAQSTAN ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА АТСАЛЫСУДА

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің «Бірге — Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық акциясы Түркістанда жалғасын тапты. «Парасат» саябағынан бастау алған игі шараға Түркістан облысы және қала әкімдігі, мәслихат депутаттары, мекеме ұжымдары, оқу орындары, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар, жастар, экологиялық белсенділер мен еріктілер қатысты.

Бұл туралы «Түркістан» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, қала әкімі Рашид Аюпов пен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы акцияға қатысушыларға алғыстарын айтып, сәттілік тіледі.
— Қаламыздың әдемі болуы мен деніміздің сау болуының басты кепілі — тазалық. Бұл үлкен акцияны қолдағандарыңызға алғыс айтамын. Қазіргі таңда облыс әкімдігінің тапсырмасымен қаланы көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте каналдар қазылып, аллеялар салынуда. Мұның барлығын таза ұстауға әкімдіктің қауқары жете бермейді. Халықпен тығыз байланыс жасап, әрбір жан оларды өз үйіндей көріп тазалығына атсалысса қаламыз одан әрі көркейе бермек. Мұндай сенбіліктер алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады, — деді қала басшысы Рашид Абатұлы.


Қаланың тазалығы, оның көркейіп көгалдануы — барлық тұрғынға ортақ міндет деген қағида ұстанған акцияға қатысушылар тазалық жұмыстарына кірісті. Айта кетейік апта бұрын Қоянды су қоймасында басталған бұл акцияда 10 тонна қоқыс тазаланған болатын. Игі істің шарапаты қаламыздың шырайын аша түспек.
Орынбек ҚАСЫМБЕКОВ,
«Түркістан» газет.

Пікір жазу