КЕЛЕС: Атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы өз жемісін беруде, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.
Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округі тұрғыны Мамбетова Лобар Туйчибаевна 2019 жылдың сәуір айында Атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасына қатысуға өтініш білдірген. Өтініш білдіргенге дейін отбасының жиындық табысы 42500 теңгені құрады. Отбасы құрамында 9 адам. 4 баласы бар, өзі еңбекке қабілетті, жұбайы бала күтімінде. Лобар Туйчибаевна «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасымен Қошқарата ауылдық округі «Есенбек-ата» ШҚ-на жұмыс орнына жолданып, отбасына 1 млн 114 мың 896 теңге көлемінде шартты әлеуметтік көмек тағайындалған болатын. Жеке қосалқы шарушылығын дамыту мақсатында, шартты әлеуметтік көмектің бір жолғы төлеміне өтініш білдіріп, 278 000 теңгеге егін шарушылығымен айналысып, 0,80 га жерге болгар қалампыры, картоп егіп жатыр, одан әрі қарай орам жапырақ пен қызанақ егуге жерін дайындауда. Осылай егін шарушылығын әрі қарай үлкейтіп, жылыжай салып көшет өсіруді жоспарлап отыр.