Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Шардарадағы көпқабатты үйлердің проблемасы назардан тыс қалмайды

Шардарадағы көпқабатты үйлердің проблемасы назардан тыс қалмайды

Апта басынан бері аудан әкімі Қайрат Жолдыбай қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, қалалықтардың тыныс-тіршілігімен танысты. Қаладағы Төле би көшесіндегі №44, №46 көпқабатты үйлерге ат басын бұрған аудан басшысы төрт қабаттың бәріне шығып көрді.

Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Еркебұлан Қаратүнов биылғы жылы осынау екі үйдің әрқайсысына 26,122 млн теңгеден жобалау сметалық құжаттары дайындалып отырғанын айтып берді. Мұнан басқа тағы да сегіз көпқабатты үйдің жобалау сметалық құжаттары дайын. Қаржысы шешілсе күрделі жөндеу жұмыстары да басталмақ. Көпқабатты үйлердің алдында қала тұрғындарымен тілдескен Қайрат Жолдыбайұлына тұс-тұстан өтініш-тілектер жауып кетті десек болады. Айналадағы үйлерден жиналған тұрғындар басқа көпқабатты үйлерге де күрделі жөндеу жүргізілсе деген тілектерін жеткізді. Бірнеше үй тұрғындарының өтініш-талаптарын өз ауыздарынан тыңдаған Қайрат Жолдыбайұлы қала әкімі Ережеп Бекетке, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Еркебұлан Қаратүновке, «Шардара коммуналсервис» КММ-інің директоры Құрманғазы Әкпаровқа проблемаларды оң шешу үшін тиісті тапсырмалар жүктеді.

Пікір жазу