Шілде айының 22-25 күндері аралығында , Алматы қаласында , Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Құлниязов Жанбек Абенұлын еске алуға арналған бокстан 2003-2004 жылы туылған қыздар арасында халықаралық турнирі болып өтті.
Аталған турнирге Моңғолия, Өзбекстан , Қазақстан елдерінен кіл мықты спортшылар сайысқа түскен болатын, дүбірлі додаға жаттықтырушы Демеуов Шыңғысхан бастап барған жерлестеріміз де қатысып жүлделі орындарға қол жеткізіп қайтты. Атап айтар болсақ 44 келі салмақта қолғап түйістірген Тұмарбек Асель жартылай финалға дейін сүрінбей жетіп жүлделі 3-орынға қол жеткізсе. 60 келіде шаршы алаңға шыққан Сарсенбек Маржан жартылай финалда Алматылық қарсыласымен 3 раундқа созылған қызықты әрі тартысты жекпе-жектен соң төрешілердің шешімімен есе жіберіп қоланы қанағат тұтты.
Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ-де жаттығатын жерлестерімізді жүлделі қоланы бағындырған жеңістерімен құттықтай келе, алдағы бұданда үлкен жарыстарда , жеңіс тұғырынан көрінулерін тілейміз!!!