Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АҒЫН СУ КАНАЛДАРЫНА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

АҒЫН СУ КАНАЛДАРЫНА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сарыағашта ағын су каналдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.

Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиев тиісті сала басшыларымен, аудандағы ағын су мәселесін шешу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысу үшін «Сарыағаш ауданы су шаруашылығы» МКК тиесілі каналдарды аралап көрді. 2019 жылы «Сарыағаш ауданы су шаруашылығы» МКК-ның теңгеріміндегі су нысандарын қалпына келтіру туралы бюджеттік бағдарламасы аясында аудан аумағындағы Жібек жолы ауылдық округіндегі «Зортөбе» каналының – 2,5 шақырымы, Жібек жолы және Қапланбек ауылдық округтерінің аумағынан өтетін «Хожахан» каналының – 18,8 шақырымы және Тегісшіл ауылдық округіндегі «Таскескен» каналының – 2,5 шақырымының жөндеу жұмыстары мердігер мекеме «Гидроқұрылыс» ЖШС-гі мекемесі тарапынан жүргізілуде.

Аталған коммуналдық кәсіпорын ауданның су пайдаланушылармен келісім-шарттарға тұрып, лимиттегі қаралған ағын суды жеткізіп беруде. Аралау барысында өңір басшысы Қ.Абдуалиев тиісті бөлім басшыларына жылдың су тапшылығы сезілетін ең маңызды айларында шаруалар судан тапшылық көрмеуі керектігін баса айтты.

Пікір жазу