Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Бірге-Таза Қазақстан!

Бірге-Таза Қазақстан!

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен Түркістан облысы аумағында өткізілетін «Бірге-Таза Қазақстан!» атты экологиялық акциясының жоспары бойынша, Ордабасы ауданы аумағындағы 10 ауылдық округтердің санитарлық тазалық жұмыстары 2019 жылдың 26-27 шілде күндері өткізілді.

Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сенбіліктің аудан бойынша екінші күнінде бекітілген кестеге сәйкес аудан тұрғындары сағат таңғы 08-00 ден бастады. Сенбілікке аудан бойынша 1200 азамат тартылып, 74,6 шақырым көше тазаланды. Берекетсіз күл-қоқыстар жойылып, 12,9 тонна қоқыс шығарылды. 1547 дана ағаштар әктеліп, 22,2 шақырым аяқжолдар тазаланды. 10,3 шақырым өзендердің, көпірлердің, каналдар мен бұлақтардың арналары тазаланды. Аудан бойынша 22 автобус аялдамалары актеліп сырланды. Аудан бойынша 10 ауыл округке, Қажымұқан ауыл округі Темірлан ауылында орналасқан Арыс өзенінің жағалауына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Сенбілікке жалпы 15 техника тартылды. Ордабасы ауданында өткен бүгінгі тазалық шарасынан аудан бойынша барлық мемлекеттік және облыстық бағынысты мекемелер, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындар тыс қалмады. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Б. Қырықбаев, облыстық еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Қ. Төлебаев экологиялық сенбілікке қатысып,аудан тазалығына өз үлестерін қосты.

Пікір жазу