Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ДЕПАРТАМЕНТКЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ДЕПАРТАМЕНТКЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы Алик Шпекбаевтың бұйрығымен Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы қызметіне Көшқалиев Хаким Дүйсешұлы тағайындалды.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Өзінің еңбек жолын слесарь маманынан бастап, түрлі салаларда орындаушылық лауазымнан Департамент басшысына дейін бірқатар лауазымдарда қызметтер атқарған.

Х.Көшқалиев прокуратура, Әділет органдарында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласында мол тәжірибе жинақтаған.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Штаб департаметінің басшысы қызметін атқарды.

Жаңа департамент басшысына өңірдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды абыроймен атқарып,  ел игілігі жолында атқарған қызметіңіз жемісті бола берсін деп тілек білдіреміз!

Пікір жазу