Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » «ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТҮРКІСТАН» АҚПАРАТТЫҚ ТУРЫ БАСТАЛДЫ

«ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТҮРКІСТАН» АҚПАРАТТЫҚ ТУРЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тарихы терең Түркістан» атты ақпараттық туры басталды. Бұл жобаның мақсаты – өңірдегі киелі орындар тізіміне енген нысандарды таныстыру, насихаттау, танымалдығын арттыру, тарихи сананы жаңғырту және ішкі туризмді дамыту.6 күндік ақпараттық турды Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Open Kazakhstan» ЖШС ұйымдастырып отыр.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Аталған жобаның 3 күнге созылатын алғашқы кезеңінің ашылу салтанаты Кентау қаласы аумағындағы Шәммет ишан мешіт-медресісіндеөтті. Жиында облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дамир Жүнісов «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған бұл бастама рухани салаға сілкініс беріп, ішкі туризмнің дамуына да оң әсер ететінін атап өтті. Мұндай жобалар алдағы уақытта да жалғасатынын, осы ретте журналистер мен әлеуметтік желі белсенділері де өлкетануды дәріптеуге үлес қосулары керектігін айтты. «Серпіліс» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бейсенкүл Нарымбетова өңірдің тарихи және киелі орындарын дәріптеу арқылы елдің тарихи санасы қалыптасып, рухы мықты болатынын жеткізді.

Одан кейін ақпараттық турға қатысушылар 13 ғасырдан бері көктеп тұрған тұт ағашына барып, тарихымен танысты.

Пікір жазу