Түркістан облысының бір топ журналистері солтүстік өңірге сапар шекті. Басты мақсат — күнгейден солтүстікке көшіп барған отбасылардың тұрмыс-тіршілігімен танысу.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Осы орайда, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Петропавл қаласында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Жаңабай Ағабеков және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Д.Жүнісов, Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және халықты әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашевтың қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті. Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2015 жылдан бастап еліміздің жұмыс күші аз солтүстік өңірлеріне халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардан халықты өз еркімен қоныстандырып, оларға қажетті жағдай жасау жұмыстары басталған болатын. Бүгінгі таңғадейін қоныс аударғандардың басым бөлігі тұрғын үймен, жұмысқа қабілетті отбасы мүшелері жұмыспен қамтылған. Өз кәсібін ашамын деушілергеегін , мал шаруашылығымен шұғылдануға жер телімдері, бос тұрған ғимараттарұсынылды. Көшіп-қонуға байланысты мемлекет тарапынан берілетін қаржылай көмектермен барған азаматтардың барлығықамтамасыз етілуде.
Аталмыш бағдарлама бойынша Түркістан облысынан қоныс аударушылар бағдарламаға қатысушылардың 60 пайызын құрауда.