Бағдарлама бастау алған сәттен бастап 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін Түркістан облысынан 282 отбасы Солтүстік өңірлерге қоныс аударды.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Оның ішінде:
-22 отбасы,92 адам Қостанай облысына;
— 46 отбасы, 90 адам Шығыс Қазақстан облысына;
-94 отбасы, 282 адам Солтүстік Қазақстан облысына ;
-44 отбасы, 219 адам Павлодар облысына көшіп барды.
Қоныс аударған 683 адамның 287-сі еңбекке қабілетті болса, 204 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 8 адам жеке кәсібін ашты. Ал қоныс аударған 75 тұрғын бала күтімімен айналысып, үй шаруасын дөңгелетіп отыр.
Халықты ынталандыру мақсатында облысымызға солтүстік өңірлерден арнайы өкілдер келіп, кезең- кезеңімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Жалпы 2018 жылға 8 топ, 151 жұмыс берушілер келсе, 2019 жылға 6 топ, 96 жұмыс берушілер облысымыздаболып, халыққа бағдарламаның тиімділіктерін түсіндірді.
Аталған жұмыстарды жандандыру мақсатында Жетісай ауданында 2019 жылдың 24 мамырында республикамыздың Солтүстік облысынан келген жұмыс берушілердің қатысуымен «Өңіраралық бос жұмыс орындары» жәрмеңесі өткізілді. Аталған жәрмеңкеге 650 ден астам ниет білдіруші азаматтар қатысып, 3 мыңнан астам бос жұмыс орындары ұсынылды.
Сонымен қатар демеушілер есебінен 150-ге жуық ниет білдірушілер Солтүстік өңірлердің жерімен, тұрмыс- тіршілігімен танысып, өз көздерімен көріпқайтты.
Қазіргі таңда халықты солтүстік өңірлерге қоныс аудару жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асып, нәтижесінде облысымыздан қызығушылық тудырған тұрғындар саны артып, қоныс аударушылар көбеюде.