Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » 100 МЫҢ ТЕҢГЕНІ АЛУ ҮШІН АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА БАНК КАРТОЧКАЛАРЫ ТАРАТЫЛА БАСТАДЫ

100 МЫҢ ТЕҢГЕНІ АЛУ ҮШІН АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА БАНК КАРТОЧКАЛАРЫ ТАРАТЫЛА БАСТАДЫ

100 мың теңге тіркеуде тұрғандарға түгел таратылады.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Анықталған 55 мыңнан астам адам 12 тамыздан бастап қаражатқа қол жеткізеді. Бүгінгі таңда екі ауылдық елді мекен мен Арыс қаласындағы 17 секторда банк карточкалары таратылуда. Қызылорда, Жамбыл және Шымкенттен «Халық банкінің»120 қызметкері Арысқа арнайы келіп жұмыс жүргізуде.Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, ақшаны алудың тәртібін түсіндірді.

«Осы уақытта 33 мың банк карточкасы жасалды. Еліміз егемендігін алғанан бері дәл бұлай, бір айдың ішінде осыншама құжат жиналып, 33 мың карточканы дайындау деген болған емес. Қазіргі таңда сол дайын болғандары таратылып жатыр. Бірақ әзірге ақша салынған жоқ. Яғни, 100 мың теңгені 12 тамыздан бастап ала алады. Ал қазіргі негізгі жұмыс карточканы тарату. Демек, барлығы түгел қол жеткізгенде ақшаны түсіреміз. Ең көп 9 секторда 3771 құжат жиналған. Қаланы көше-көшеге бөлдік», – деді облыс әкімінің орынбасары Ж.Аманбаев.

 

Пікір жазу