Арыс қаласының тұрғындарына 100 мың теңге тіркеуде тұрғандарға түгел тарату жұмыстары басталып кетті.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Елді сабырға шақырған жауапты басшылар, тұрғындардың толғандырған сұрақтарына жауап беретін, арнайы комиссия жұмыс жасап жатқанын жеткізді. Ал тізімге кірмей қалған оқушылар, мектептер арқылы анықталып жатқаны белгілі болды.
Айта кетейік, өтемақы қаржыны Республика көлемінде «Халық банкінің» кез келген банкоматынан алуға болады. Қаржының түскен немесе түспегенін анықтау үшін, карточканы банкоматта 3-реттен артық қолдануға болмайды. Себебі 3 реттен артық қолданған жағдайда банктік комиссия төлемі ұсталады. Сонымен қатар сот шешімдерімен қарыздары болған азаматтарға төлем карточкалары ашылмайды. Мұндай жағдайда азамат сенімді өкіліне нотариалды сенім білдіре отырып, өтемақыны сенім білдірген өкілі арқылы алуына болады. Ал үйлерінде болмаған азаматтар карточкаларын 2019 жылдың 15 тамызынан бастап, Арыс қалалық «Халық банк» филиалдарынан алуына болады. Карточкаға түскен қаржыдан банктің комиссиялық төлемдері ұсталмайды. Жалпы, бүгінде таңда Арыс қаласында халық банкінің 12 банкоматы қойылған. Сонымен қатар қосымша тағы 7-8 банкомат орнатылмақ.