Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » «ЖЕР КЕЗЕК – ТҮЛКІБАС АУДАНЫ» АТТЫ ЖАҢА МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«ЖЕР КЕЗЕК – ТҮЛКІБАС АУДАНЫ» АТТЫ ЖАҢА МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Елбасының «Цифрлық Қазақстан» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары аясында аудандағы жерге қатысты сұрақтар мен жер кезегін жария ететін «Жер кезек» мобильдік қосымшасы іске қосылды.

Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Кез келген азамат бұл мобильдік қосымшаны өздерінің ұялы телефондарына GooglePlay, PlayMarket, AppStore арқылы жүктеп, өз кезегін онлайн режимде тексеруге мүмкіндік алып отыр. Сонымен қатар «Жер кезек» мобильдік қосымшасы арқылы Түлкібас ауданының бос жерлері және ол жерлерді алу жолдары туралы ақпаратты алуға болады. Мобильдік қосымшаны қолданушы жер кезегіндегі қандай да бір заң бұзушылықтың куәсі болса «кері байланыс» функциясын қолдану арқылы тиісті органдарға хабарлай алады.

Мобильдік қосымша уәкілетті органдардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп, жер қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтарға кедергі болуы тиіс дейді мамандар.

Әрі қарапайым аудан тұрғындарына мемлекеттік мекеме есігін тоздырмай, үйде отырып – ақ қосымша арқылы сұрақтарына жауап алуға үлкен мүмкіндік.

Пікір жазу