Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАСТЫҚ ЖАСТАР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ БОС УАҚЫТТАРЫН ТИІМДІ ӨТКІЗУДЕ

ТҮЛКІБАСТЫҚ ЖАСТАР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ БОС УАҚЫТТАРЫН ТИІМДІ ӨТКІЗУДЕ

Түлкібастық жастар жазғы демалыс кезіндегі бос уақыттарын тиімді өткізуде, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.

«Жасыл ел» бағдарламасы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы негізінде 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары бағдарламасы аясында Түлкібас ауданы әкімдігі жанынан құрылған штабы 2017 жылдан бастап жыл сайын дәстүр бойынша жұмыс атқарып келеді. Бағдарламаның мақсаты жаз мезгілінде ауданымыздың жастарының бос уақытын тиімді пайдалана отырып жұмыспен қамту. Қазіргі таңда бұл бағдарламада ауданымыздың студент жастары мен жұмыссыз жастарынан құралған 60 жас өрен «Жасыл ел сарбазы» ретінде тіркеліп қарқынды жұмыс атқарып жатыр. Жасыл ел сарбаздары ауданымыздағы саябақтар мен аллеяларды сонымен қатар көше бойларын түрлі қоқыстардан тазалау, жас ағаш көшеттері мен гүлзарларды суғару жұмыстарын жүргізуде.

Пікір жазу