Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Коммуналдық мәселе қаралған жиын өтті

Коммуналдық мәселе қаралған жиын өтті

Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Н. Тұрашбековтың төрағалығымен аудан әкімдігінің үлкен залында мәжіліс болды. Жиынға аудан әкімінің аппараты, аудандық мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» партиясы Түлкібас аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңесі төрағалары, ауданның төбе биі, ауыл тұрғындары, ардагерлер, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ, кент әкімдері, ауылдық округ, кенттердегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде аудан елді мекендерінде жүргізіліп жатқан құрылыс, жол салу, абаттандыру, жарықтандыру салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы және аудан аумағындағы егістік және жайылымдық жерлерді электронды картаға енгізу, азаматтардың әлеуметтік мәртебесін анықтау, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.
Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелерден бөлек аудан әкімі аудан тазалығына да көңіл бөлді. Ал аудан тазалығы ауылдан басталатыны белгілі. Осы себепті әрбір ауыл тұрғыны өз үй-жайларының айналасын жинап, жанатын тұрмыстық қалдықты мұқият өртеп, басқа қалдықтарды уақытылы арнайы күл-қоқыс төгетін орынға апарса күн санап дамып келе жатқан ауданымыздың ажары ашыла түсер еді. Осы мақсатта тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп ауыл тазалығына бір кісідей атсалысуға шақырды. Сондай-ақ өңір басшысы мәжілісте қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдап, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Пікір жазу