Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алудың қағидаттары түсіндірілді, деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.
Бүгін Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен пробация қызметінің ұйымдастырумен пробациялық бақылау белгіленген азаматтардың қатысуымен «Атаулы әлеуметтік көмек» бойынша семинар өтті.
Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.Бурибаева атаулы әлеуметтік көмек бойынша пробация бақылауындағы азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, көмек алғандарға қаржыны тиімді пайдаланып, жұмыспен қамтылуын және әлеуметтік шарттарын орындау қажеттілігін айтып өтті.
Бүгінде осы санаттағы атаулы әлеуметтік көмек алғандардың ішінде түрлі бағыт бойынша өз кәсібін дамытып, жұмыспен қамтылған 6 отбасы мемлекеттік жәрдемақыға өз ризашылықтарын білдірді.
Кездесу барысында атаулы әлеуметтік көмек жәрдем ақысының төңірегінде тұрғындар тарапынан туындаған барлық сұрақтарға тиісті сала мамандыры толыққанды жауаптарын беріп, түсіндіріп өтті.