Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ПАНДУСТАР ОРНАТУҒА – ӘРБІР МЕКЕМЕ МІНДЕТТІ

ПАНДУСТАР ОРНАТУҒА – ӘРБІР МЕКЕМЕ МІНДЕТТІ

Елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандус орнату «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңында нақты көрсетілген. Тұңғыш Президентіміз өзінің халыққа Жолдауларында да мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін жүріп-тұруына жағдай жасау мәселесін айрықша назарға алып келді.

Сондықтан да осы санаттағы азаматтардың қоғамға араласып, қажетті нысандарға емін-еркін кіріп шығуына қолайлы жағдай жасау – әрбір мекеме, ұжым басшыларының басты міндеті. Осы тақырып аясында кеңірек талқылау бүгін қалалық әкімдіктің әлемуеттік бадарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің жеркілікті кәсіпкерлермен өткізген кездесуінде кеңірек талқыланды.
Түркістан қаласында қазіргі таңда 7016 мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Олардың қоғамдағы орны мен қарым-қатынасын арттыру үшін мемлекеттік тарапынан бағдарламалық көмектер көрсетіліп келеді. Алайда көпшілік орындарға зағиптардың баруын қамтамасыз етудегі пандустардың талаптарға сай келмей жататыны жасырын емес.
Бүгінгі мәжіліс талқылауына арқау болған осы өзекті мәселені қолға алу мақсатында арнайы жұмысшы тобы құрылып, мониторинг жүргізілетіндігі айтылды. Кездесуге жиналғандарға пандус орнатудың нормативтік параметрлері, құрылыс нормалары мен ережелері көрсетілді.

Пікір жазу