Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТУРИСТІК НЫСАННЫҢ БІРІНЕ АЙНАЛАДЫ

ТУРИСТІК НЫСАННЫҢ БІРІНЕ АЙНАЛАДЫ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Заң департаментінің басшысы Күміс Қарсақбайқызы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 1 шақырым жерде орналасқан X-XII ғасырларға тән Құмшық ата мешітімен танысты.

Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Аталған ескерткішті рухани қалаға келушілер мен туристердің назарына ұсынуға арналған нысан ретінде іске қосу жоспарлануда.

Құмшық ата жер асты мешіті — археологиялық ескерткіш саналады.
Мешіт екі бөлмелі, ұзынша келген (10 м-ге жуық) ені тар дәлізді, шыға берісінде есігі бар үңгір құрылыс. Шаршы шикі кірпіштерден қаланған. Түкпірдегі мекен-жай көлемі — 2х2 метрге жуық, биіктігі — 1,6 метр, төбесі шатырлы күмбезбен көмкерілген. Оған іргелес диаметрі — 2,5 метр және биіктігі — 2 метрдей дөңгелек пошымды үй күмбезделіп жабылған. Дәлізі иірлі келген, негізгі құрылыс күйдірілген кірпіштен қаланған, күмбезбен көмкерілген. Төбенің орта деңгейінен құдық тәріздес, диаметрі 1 метрдей, дәлізге жарық түсетін ойық жасалған. Жер асты мешітке кіретін есік қирап қалғандықтан, баспалдақтың сатылары анықталмаған. Мешіт пен дәліздің қабырғасы шаршы пішінді күйдірілген кірпіштен өрілген. Бөлме қабырғаларында шырағдан қоюға арналған шағын қуыстар бар. Құрылыстың ішкі құрылымы сыланбаған. Жер асты мешіті 10 — 12 ғасырларда өмір сүрген әулие Құмшық Ата атымен байланысты айтылады. Зерттеулер Құмшык Ата мешіті 12 ғасырдан бастап халық жиналып, діни уағыздар рәсімі өтетін орын болғанын растайды.

Құмшық Ата мешітін 1973-1974 жылдары Қазақ КСР мәдениет министрі мен Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институтының экспедициясы (жетек. Т.Н. Сенигова) зерттеді.

1985 ж. жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2003 жылы Құмшық Ата мешіті қалпына келтіріліп, мемлекет қарауына алынған.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу