Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРЫС ҚАЛАСЫНДА 2680 ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

АРЫС ҚАЛАСЫНДА 2680 ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Арыс қаласында құрылыс жұмыстары тәулік бойына жалғасуда. Бүгінгі таңда зақымданған және жарамсыз деп танылған 7611 үйдің 4641 де жөндеу жұмыстары өз уақытымен жүріп жатыр.

Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жөндеу жұмыстарының орындалуы 60,05 пайызға жеткен. Ал біткен үйлер саны 2680, яғни 35,41 пайызды құрайды. Жалпы 17 сектордағы әр облыс өздеріне берілген мерзімде қолға алынған шаруаны аяқтауға жақындап қалған.
Бұдан бөлек, төтенше жағдайдан зардап шеккен Арыс тұрғындарына 100 мың теңге өтемақы төлеу үшін 63 464 адамнан өтініш қабылданған. Қалада әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар жұмыс істеуде. Ал жалпы шаһарда 66 әлеуметтік нысан бойынша жөндеу жұмыстары жалғасып келеді, оның ішінде 4-еуі басынан салынады. Осы бағыттағы жұмыстарға 1788 жұмысшы, 30-ға жуық құрылыс компания жұмылдырылған. Бүгінгі таңда Арыс қаласындағы құрылыс-жөндеу жұмыстарында облыс, қалалардан 7699, облыс аудандарынан 315 адам жұмыс істеуде.
Арыс қаласының әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы қаладағы құрылыс жұмыстары толық бақылауға алып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырма беріп, күнделікті жүйелі жұмыс жүргізуін қадағалауда.

Пікір жазу