Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Қазақстандық «Қызыл ай» қоғамы арыстықтарға қол ұшын созды

Қазақстандық «Қызыл ай» қоғамы арыстықтарға қол ұшын созды

Қазақстандық «Қызыл ай» қоғамы арыстықтарға қол ұшын созды, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.

Қызыл Ай қоғамы — өз күшін елдегі көмекке зәру азаматтарға бағыттай отырып, жер бетінде бейбітшілік болуына жағдай жасайтын ізгілікті қозғалыс. Бүгін «Қызыл ай» қоғамының Түркістан облыстық филиалы Арыс қаласындағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Оның ішінде 193 адамға азық-түлік пакеттер, гигиеналық заттар мен екі мың азаматқа отыз мың теңгенің көмек картасы үлестірілді. Бұл санатқа жарылыстан жарақат алған — 75, үйі өртенген және күрделі жөндеуді қажет ететін — 28, үйі сүрілген — 30 жанұя мүшелері, үйі зардап шеккен І-топтағы мүгедектер мен көп балалы отбасылар (6-7 баладан көп) қамтылған. Айта кетейік, бұған дейін арыстықтықтарға Түрік «Қызыл ай» қоғамы 550 адамға қайырымдылық шарасын өткізген болатын.

Пікір жазу