Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ШАХАР БІР КҮНДЕ 2246 ТОННА ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ

ШАХАР БІР КҮНДЕ 2246 ТОННА ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ

Арыс қаласы бір күнде 2246 тонна қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.

Қазір Арыс қаласы құрылыс алаңына айналған. Тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандар, жол құрылысын ретке келтіру мен айналаны аббаттандыру ісінде ілкімді жұмыстар жүріп жатыр.

Есесіне қалдық қоқыстардың көбейіп, құрылыс және басқа да қалдықтардың қала тіршілігіне едәуір кері әсерін тигізері анық. Бұл ретте қала әкімі Мұрат Қадырбектің тікелей басшылық жасауымен қаланы қоқыстан тазарту шарасы үздіксіз жүргізілуде. Тазалық жұмыстарын жүйелі ұйымдастырудың нәтижесінде бір күнде Арыс қаласы 2246 тонна қоқыстан тазартылды.

Қалдықтарды қоқыс полигоны тасымалдауға барлығы 208 техника жұмылдырылып, оның 30-ы бұзылған үйлерден шыққан 330 тонна күл-қоқысты тасыды. Айта кетейік, бұған дейін қаладан жалпы 40 897 тонна қоқыс шығарылған болатын. Тазалық жұмыстарына аймақтық бөліністегі 17 сектордың белсенділері ат салысты.

Пікір жазу