Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ЕЛДІҢ ЕҢСЕСІН БІРГЕ КӨТЕРЕМІЗ!

ЕЛДІҢ ЕҢСЕСІН БІРГЕ КӨТЕРЕМІЗ!

Қоғамның басты байлығы — адам және оның өмірі. Арыс қаласында төтенше жағдай орын алғанда Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбектің тапсырмасымен алдымен ауруханалардағы науқастарды тез арада қауіпсіз аймаққа көшіру тапсырылды.

Шұғыл іс-әрекеттің нәтижесінде Арыс аудандық орталық ауруханасында жатқан 134 науқас пен 120 медицина қызметкерлері эвакуацияланып, ғимараттан дін аман шығарылды. Ал апат кезінде ауруханаға жатқызылған 77 науқастың бәрі бүгінде айығып, отбасыларына оралды. 4 науқас республикалық мекемелерінде ем қабылдауда.Төтенше жағдай салдарынан 3 адам қайтыс болды. Жалпы Арыс қаласы бойынша 6330 адамға амбулаториялық көмек көрсетілді. Қазір халыққа қызмет көрсету жүйелі ұйымдастырылған. Бүгінгі таңда «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры арқылы 8 денсаулық сақтау мекемесін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Қаладағы 1 жедел жәрдем көрсету орталығының жарамсыз ғимараты сүріліп, қайта салынуда. Қазір іргетасы қаланып жатыр. Жуық арада ел игілігіне беріледі деп күтілуде.
Біз елдің еңсесін бірге көтереміз!

Пікір жазу