Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай баршамызға ауыр тигеніне анық. Апат салдарының қауіпті екені түсінікті. Сол күні арыстықтарды тез арада қауіпсіз жерге көшіру мәселесі алдыңғы шарт бірі еді. Сондықтан Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбектің тікелей басшылығымен Төле би көшесінің бойынша орналасқан «NUR OTAN» партиясының жергілікті филиал ғимаратында шұғыл штаб құрылып, қала тұрғындарын эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастыру жеделдетілді. Жарылыстың алғашқы легінде-ақ қала жұртшылығын апаттан аман қалу үшін барлық үштік құрылымдар жұмылдырылып, оқиға күні 30 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді.
Бүгінде қаладағы зақым келген барлық мемлекеттік мекемелер мен жеке тұрғын үйлерді қалпына келтіру, қаланы тазарту, абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, қаланы ажарландыруға барлық күш жұмсалуда.
Бұдан бөлек, арыстық кішкентай бүлдіршіндер республикамыздың түкпір-түкпірінде орналасқан жазғы демалыс орындарына жіберілді. Қала тұрғындары бір жолғы қаржылай және материалдық көмектер де берілуде. Осындай қарқынмен сүйікті Арысымыз әлі де гүлденіп, республикамыздағы алдыңғы орындағы аймақтың біріне айналары сөзсіз.