Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ АРЫС ҚАЛАСЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ АРЫС ҚАЛАСЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Әрбір атқарылып жатқан жұмыстар тұрғындардың игілігіне арналады. Арыс қаласында төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғын үйлерді қалпына келтіру ісін жеделдету бүгінгі күннің басты мәселесі.

Осы орайда, Сенат депутаттары арыс қаласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бүгін Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ә.Бектаев пен Ә.Құртаев Арыс қаласына арнайы іс-сапармен келіп, бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады.
Сапар барысында Парламент Сенатының депутаттары «Көктем» мөлтек ауданындағы 300 орындық И.Журба мектебінің және аудандық орталық аурухананың құрылыс барысын көрді.
Мұнан соң жұмыс сапары құрылысы қарқынды жүріп жатқан 115 жылдық тарихы бар «Арыс-1» теміржол вокзалында жалғасып, қаламыздағы «Халыққа қызмет көрсету орталығының» жұмысымен танысты.
Халық қалаулылары Арыс қаласында жүргізіліп жатқан ауқымды құрылыс жұмыстарына оң бағаларын берді.

Пікір жазу