Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАЗУШЫ, ДРАМАТУРГ ДУЛАТ ИСАБЕКОВ АРЫС ҚАЛАСЫНА КЕЛДІ

ЖАЗУШЫ, ДРАМАТУРГ ДУЛАТ ИСАБЕКОВ АРЫС ҚАЛАСЫНА КЕЛДІ

Азаматтық болмысы мен қаламгерлік келбеті жағынан ешкімге ұқсамайтын біртуар тұлға, жазушы, драматург Дулат Исабеков үшін Арыс қаласының жөні бөлек. Балалық шағы болат жол бойында өткен қаламгердің көп шығармаларына ауылдың тыныс-тіршілігі арқау болған.

Сондықтан ол туған жерінің әрбір тасы мен тіршілігіне қанық. Қайсыбір жаңалығы болмасын бей-жай қараған емес. Жиі ат басын бұрып, жанашырлық танытуы — еліне деген шексіз махаббатының белгісі. Ал бұл жолғы Арыс қаласына сапары өзгеше. Жерлестерінің төтенше жағдайдан кейін амандығын біліп, елдегі атқарылып жатқан игі істерін көзбен көру. Иісі қазақтың жақсы қасиеттеріне ие қарымды қаламгер бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Өз сөзінде тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, біраз күрмеулі мәселелердің түйіні оңынан шешіліп жатқанына қуанғанын айтып, қиындықты елмен бірге еңсеріп жүрген қала әкімі Мұрат Қадырбекке алғысын білдірді. Қаланың да құрылыс алаңына айналуы шахардың ажарлана түсуіне септігін тигізеді деді қаламгер.

Пікір жазу