Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Кәсібінен — нәсіп көріп отырған отбасы

Кәсібінен — нәсіп көріп отырған отбасы

Бүгінгі күндері ауыл-аймақтарда кәсібін дөңгелетіп, ауыл азаматтарын бос жұмысын орнымен қамтамасыз етіп, ел алғысына бөленіп отырған азаматтар аз емес.

Осындай кәсіпкердің бірі – кентаулық Ерғали Жолдасбеков басқаратын шауа қожалығы. Кентау қаласы Шаға ауылының тұрғыны Ерғали Жолдасбеков мемлекеттен несие алып 2016 жылы «Ерасыл» шаруа қожалығы жылыжай кешенін іске қосады.

Онда соңғы технологияларды қолданып, өз өнімдерін молынан алып отыр. 0,35 га жерге «Фламинго» тәтті бұрышын еккен, Франция елінің сорты. Әр өнімнен 30 тоннаға жуық бұрыш алады. Шаруа отбасымен қолға алған бұл кәсіп түрін ұлғайтуды жоспарлауда. Тіпті бұрышпен бірге бүгінгі таңда қызанақты да өндіріп, Түркістан, Кентау қалаларына тасмалдап отыр. «Екі қолға бір күрек» демекші жылыжай шаруашылығының төрағасы Ерғали Жолдасбеков отбасына ғана емес өзгелерге де жұмыс тауып беріп отырған жайы бар.

Қазіргі таңда елімізде шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысуға жағдайда жасалып отыр. Осы мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланып, өз кәсіптерін дөңгелетіп отырған азаматтарға алғысымыз шексіз.

Пікір жазу