Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КЕНТАУ: ЕСКІ ИҚАНДЫҚТАР МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА

КЕНТАУ: ЕСКІ ИҚАНДЫҚТАР МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА

Бүгінде елімізде өз кәсібін ашып, халықты бос жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкер азаматтардың игі істері көңіл қуантады.

Осындай азаматтардың бірі — ағайынды Нышанбаев Төрехан мен Уалихан  2000 жылдан бері мақта өсірумен айналысып келеді. Арасында диханшылық пен айналысып, бау-бақша егеді. Кәзіргі таңда 8 га жерінің 7,5 га-на мақта ексе, 0,5 га-на қызанақ еккен.

Теру жұмыстарына комбайндар жұмылдырылып, алған өнімдерін жергілікті компанияларға өткізеді. Алдыңғы жылы су тапшылығы орын алғанымен, биыл суғару жұмыстары ойдағыдай болған. Биылғы еккен «Түркістан» атты сортты, жергілікті Қарашық ауылының тұрғыны Хабибулла деген азамат ойлап тапқан көрінеді.

Қосымша 3 га жерге 4727 сорты егілгенімен, «Түркістан» сортының пайдасы мол, әрі өнімді жақсы береді – дейді шаруақожалық егесі Уалихан мырза. Мақта шаруашылығына қосымша жұмыс күшіне жергілікті тұрғындар жұмысқа тартылып, жалпы теру науқаны қыркүйек, қазан айларында басталады. Шаруақожалығымен бұрыннан айналысып келген ағайындылар алдағы уақытта бау-бақшамен айналысуды жоспарлауда.

Пікір жазу