Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Биыл мол өнімнен үмітті

Биыл мол өнімнен үмітті

ТҮРКІСТАН: Кентау қаласы Ескі Иқан ауылының диқаншылары мақта шаруашылығына ден қойып, бүгінде мол өнім алуға үмітті.

Бұл туралы Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ағайынды Төрехан мен Уәлихан Нышанбаевтар 20 жылдан бері шаруақожалықпен, оның ішінде мақта өсірумен, диқаншылықпен айналысып, бау-бақша егіп келеді. Кәзіргі таңда 8 га жерінің 7,5 га-на мақта ексе, 0,5 га-на қызанақ еккен.Теру науқанында жергілікті тұрғындарды жұмыстарға тартып, қажетті техникалармен қамтиды. Жиналған өнімдерін жергілікті компанияларға өткізеді.
— «Алдыңғы жылы су тапшылығы орын алғанымен, биыл суғару жұмыстары ойдағыдай.ауа райы да қолайлы болды. Биылғы еккен «Түркістан» атты сортты, жергілдікті Қарашық ауылының тұрғыны Хабибулла деген азамат ойлап тапқан. Қосымша 3 га жерге 4727 сорты егілгенімен, «Түркістан» сорттың пайдасы мол, әрі өнімді жақсы береді» – дейді шаруақожалық иесі
.Жалпы мақта теру науқаны қыркүйек, қазан айларында басталады. Шаруақожалығымен бұрыннан айналысып келген ағайындылар алдағы уақыта бау-бақшаны ұлғайтуды жоспарлауда.

Пікір жазу