Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Халықаралық автобекеттің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Халықаралық автобекеттің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Түркістан түркі әлемінің орталығы болып саналады. Кентау қаласына қарасты Шаға ауылында Халықаралық автовокзал бой көтеруде. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары тиісті деңгейде атқарылуда.

Автовокзалдың орналасқан орнын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласының бас жоспарындағы концепциясына сәйкес макетті бекітіп берген болатын. Құрылыс жұмыстары шығыс үлгісінде салынуда. Автовокзалдың жалпы аумағы 2,4 га. Тәулігіне 10 мың адамға дейін қызмет көрсете алады. Сонымен қатар 600 автобус Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан, Хоргос, Ташкент, Самарқанд қалаларына және облысымыздың барлық аудандарына жүргізілетін болады. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары аяқталуға әзір тек қана әрлеу, сырлау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына 90 –ға жуық адам тартылған. Нысан толығымен аяқталғаннан кейін бизнес-жоспарға сәйкес 48 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Нысанның ішінде ана мен бала бөлмесі, күту залы, асхана, тынығатын орындармен қамтылған. Келешекте автовокзал аумағында барлық стандартқа автокөлік жуу орны, техникалық қызмет көрсету орындары ашылу жоспарлануда.

Пікір жазу