Қазіргі таңда мемлекет тарапынан бизнес бастаймын деушілерге әсіресе әйелдер қауымына көптеген жағдайлар жасалған. Бизнеске берілетін жеңілдіктер де кәсіп ашамын деушілерге төмен пайызбен несие берілуде.
«Мемлекет маған не береді деп емес, мен мемлекетке не беремін» деген қағиданы ұстанған жөн болар. Себебі мемлекет тарапынан беріліп отырған әлеуметтік көмекті кәдесіне жаратқан көп балалы ана Баян Ратаева өз кәсібінің жемісін көруде. Кентау қаласына қарасты Шаға ауылының тұрғыны Баян Ратаева мемлекеттен бөлінген атаулы әлеуметтік көмектің арқасында өз кәсібін өрге домалатуда. Кәсібінің арқасында тұрмыс жағдайын түзеп, балаларына киім-кешек, азық-түлікпен қамтамасыз етуде. Алғашқыда өкіметтен берілген қаржыға 80 тауық, 2 сиыр алған. Күнделікті тауықтан түсіп отырған жұмыртқаларын қалаға өткізіп отырды. Күндігіне 80 тауықтың ішіннен 40 тауық туады. Сиырдың сүтінен айран, құрт, қаймақ жасап сатып жатыр, қалғанын күнделікті тұрмыс тіршілікке пайдаланылуда. Болашақта тауық санын көбейтіп, қора жайлар салып, өнімнің көлемін екі еселеу жоспарда бар.