Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МЕДИАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

МЕДИАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысқан шара барысында Медиацияның қоғамдағы рөлі, медиация институтын дамыту туралы алға қойылған жоспарлары сөз болды. Іс шараны қала әкімі аппаратының заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Санобар Самиева мен қала әкімі аппаратының заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің бас инспекторы Самат Ажыгабылов жүргізіп отырды.
Жиылғандар арасында қалада құқықтық реттеудің баламалы әдісі ретінде медиацияны қарқынды түрде дамыту жүргізіліп жатқандығын атап өтіп, халық арасында даулы және шиеленісті жағдайларды сотқа жеткізбей шешу мәдениетін қалыптастыру жайы талқыланды.


Дөнгелек үстелде медиацияның пайда болу тарихынан бастап, кәсіби және кәсіби емес медиатордың жұмысы сөз болды. Қалада медияцияны дамыту бойынша жасалып жатқан жұмыстар хабарланып, қызмет барысында туындайтын мәселелер бойынша пікір алмасып, тәжірибе кезінде жүзеге асыратын және шешімін табатын ой пікірлерімен бөлісті. Мамандардың айтуынша, кәсіби емес медиатор ретінде 40 жастан асқан, халық арасында абырой, беделі бар, адамгершілігі жоғары азаматтар тіркеле алады. Бүгінде Кентау қаласы мен қалаға қарасты ауылдарда 39 азамат кәсіби емес медиатор болуға өтініш білдіріпті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар азаматтардың медиацияның қолдану саласы, медиаторлардың құқықтық жағдайы, медиацияны жүргізу тәртібі мен дауды реттеу туралы келісімге келу жөнінде қойылған сауалдарына жауап берді. «Медиация туралы» ҚР Заңын қолданып, азаматтық істерді қарау барысында туындайтын мәселелерді талқылап, аталған тақырып бойынша өзара пікір алмасты. Жиынға қатысушылар медиацияның басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласу деңгейін төмендететін өзара тиімді бейбіт келісімге қол жеткізу екендігін- атап өтті.

Пікір жазу