Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КЕНТАУ: ҚАРНАҚ АУЫЛЫНДА 6 ҚАБАТТЫ АГРАРЛЫ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ САЛЫНУДА

КЕНТАУ: ҚАРНАҚ АУЫЛЫНДА 6 ҚАБАТТЫ АГРАРЛЫ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ САЛЫНУДА

Құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталған аграрлы несие корпорациясының ашылу салтанаты  алдағы қыркүйек айына жоспарлануда. Аграрлы несие корпорациясының ішіндегі «Яссы несие» серіктестігі ауылшаруашылығымен мысалы теплица, мал шаруашылығымен айналысамын деген азаматтарға несие беріп көмегін беріп келеді.

Жұмыстары алға басып, 6 қабатты ғимарат соғылуда. Алдағы уақытта жұмыс көлемін үлкейтіп, Кентау қаласы мен қалаға қарасты ауылдардың шаруашылықпен айналысамын деген азаматтарына несие береміз деп жоспарлауда. Кәзіргі таңда «Сыбаға» бағдарламасы жүзеге асып, 10-ға жуық шаруақожалығы өз жұмысын жүргізуде. Бұл бағдарламаның ерекшелігі шет елден мал әкеліп, мал басын көбейту. 4 пайызын шаруақожалығы төлесе, 10 пайызын мемлекет тарапынан көмек ретінде субсидияланады. Аграрлы неси корпорациясының құрылыс жұмыстарына 40-қа жуық адам тартылған. Құрылысқа қажетті материалдарды шет елден алып жүргізуде. Бұл ғимараттың қабырғасында болашақта «Яссы несие» серіктестігі, Халыққа қызмет көрсету орталығы және балаларға арналған оқу орталығы жұмыс атқаратын болады. Оның ішінде «Яссы несие» орталығында 25 адам, жалпы алғанда 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылады деген жоспарлары бар.

Пікір жазу