Кентау қалалық орталық кітапхананың конференция залында халқымыздың перзенті, қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, данышпаны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кеш А.Құнанбаевтың «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» атты өлеңімен ашылды.
Кеш барысында орталық кітапхананың қызметкерлері Абдраманов Әмірхан «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», Төлегенова Айгүл, Болысбаева Майя Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндерін айтса, кітапхана оқырмандары №14 жалпы орта мектебінің оқушылары Кенжебай Айзат А.Құнанбаевтың «Мен боламын демеңдер», Нұрлыбай Жанерке «Әсемпаз болма әрнеге», №19 жалпы орта мектебінің оқушысы «Қыс», «Жазғытұрым» өлеңдерін оқыды.
Әдеби кеш барысында Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Кокулова Гүлнара Исабеекқызы қорытынды сөз сөйлеп, ақынның «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңін оқып, Абай оқулары эстафетасын Кентау қалалық мұражай қызметкерлеріне тапсырды. Кеш соңында орталық кітапхананың қызметкерлері «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!», «Абайды жырлаған жергілікті қаламгерлер» атты А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырмандарды Абай өлеңдерін оқуға шақырды.