Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КЕЛЕС АУДАНЫНДА «ТҰРМЫС» ЖЕДЕЛ-САУЫҚТЫРУ ІС- ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА «ТҰРМЫС» ЖЕДЕЛ-САУЫҚТЫРУ ІС- ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Келес ауданында «Тұрмыс» жедел-сауықтыру іс- шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында және алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында Келес ауданы аумағында 2019 жылдың 7-13 тамыз аралығында аудандық Полиция бөлімі қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым, әйелдер кеңестерін тарта отырып «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс- шарасы өткізілуде. Жедел алдын алу шарасы аясында учаскелік полиция инспекторларының қолда бар барлық ықпал ету нысандарын (қорғау нұсқамаларын және құқық бұзушының тәртібіне сотпен ерекше талаптарды ішімдік ішуге тыйым салумен орнату) пайдалана отырып, құқық бұзушылықтар жасауға, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды анықтау және олармен профилактикалық жұмыс жүргізу жөніндегі жұмыс жандандырылып, мекенжайлары бойынша тексеріс жүргізіледі. Мұндай шаралардың аудан аумағында жиі өткізіліп тұруы жоспарлануда.

Пікір жазу