Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АҚМЕНТАЙ ЕСБАЕВ ҰШҚЫН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АҚМЕНТАЙ ЕСБАЕВ ҰШҚЫН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Ұшқын ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.

Ұшқын ауылдық округінің әкімі Ғалымжан Байдосовтың биылғы жылдың алты айында атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларымен танысу мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының мәжіліс залында жиын өтіп, жиынға аудан прокуроры Бақыт Сейфолла, дербес бөлім басшылары, учаскелік полиция өкілі, ауыл ақсақалдары мен округ тұрғындары қатысты. Жиында негізгі күн тәртібіндегі мәселелер жайлы округ әкімі баяндама жасады. Хабарламашы баяндамасынан кейін аудан әкімі Ақментай Есбаев округ әкіміне алдағы жоспарлар бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, нәтижесін баяндауды тапсырды. Кездесуде округ аумағына жауапты учаскелік полицейдің алты айда атқарған есебі тыңдалып, аудан прокуроры тарапынан округ тұрғындарының қауіпсіздігін басты назарға алу бойынша тиісті тапсырмалар жүктелді. Жиын соңында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныс, пікірлерге округ әкімі тісті жауаптарын берді.

Пікір жазу