Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің өкімімен Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы лауазымына Жолаев Рақымбек Қуатбекұлы тағайындалды.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Рақымбек Қуатбекұлы 1979 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы, іскерлік әкімшілік магистрі.

Еңбек жолын 2002 жылы Астана қаласында Қазақ-Түрік лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2002-2005 жылдары Жамбыл Қазақ-Түрік ұлдар лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Жамбыл Қазақ-Түрік ұлдар лицейінің интернат меңгерушісі.

2005-2007 жылдары Қостанай қаласындағы дарынды балаларға арналған Қазақ-Түрік лицей-интернатының қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Дарынды балаларға арналған Көкшетау Қазақ-Түрік лицей-интернатының директоры.

2007-2011 жылдары Жезқазған қаласының дарынды балаларға арналған Қазақ-Түрік ерлер лицей интернатының, Қарағанды дарынды балаларға арналған облыстық Қазақ-Түрік ерлер лицей-интернатының директоры.

2012 – 2018 жылдары «НұрОрда» Қазақ-Түрік лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Қазақ Гуманитарлық заң университетінің проректоры қызметтерін атқарған.

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Астана халықаралық университетінің вице-президенті болып қызмет етіп келді.

 

Пікір жазу