Бірнеше игі істердің жұмысын көген Төлеби ауданының басшысы, Жеңіс мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті. Өз кезегінде ауылдық округтің тұрмыс-тіршілігімен танысқан жұмысшы топ баяндамаларын жасады.
Бірінші болып бастаған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашраповтың есебі бойынша ауылдық округте 96 кәсіпкерлік нысан анықталып, 18 нысанның жері мақсатына сай емес. Жоғарыда айтылған кәсіпкерлік жұмыстардан бөлек 7 нысан қажетті жерге тіркелмей жұмыс атқаруда. Ертеректе салынып, құжаттары толық рәсімделмеген 19 үй анықталған. Үй иелері жеріне қатысты топотүсірілімдерін әзірлеуде.
Одан кейін аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысы Қ.Тұрғынбаев баяндама жасады. Баяндамашының мәліметіне сәйкес, мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жерлер 835,1 гектарды құрап отыр. Үй іргелік жерлерін тиімді пайлану мақсатында 1460 үй көкөніс, картоп дақылдарын, 1034 үй жеміс жидек ағаштары мен жоңышқа дақылдарын егуде. Ауылдық округтің тұтыну балансы бойынша 7 түрі сыртқа сатылады, 14 түрі сырттан әкелінетіні анықталған. Бүгінгі күнге ауылдық округке қарасты елді мекендерде 4000 метр ішкі арықтар тазаланбай қалған.
Ал, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.Оспанов ауылдық окургті көгалдандыру мақсатында егілген ағаштарды күтіп ұстау бойынша қоршау, суғару жұмыстары ұйымдастырылмағандығын, елді мекендердегі орталық көше бойларында орналасқан тұрғын үйлердің айналасы тікен, шөптерден, күл-қоқыстардан тазартылмағандығын жеткізді.
Аудан әкімі Б.Омарбеков сала басшыларының баяндамасын тыңдағаннан кейін жергілікті тұрғындарды суармалы жерлер мен бос жатқан жерлерді тиімді пайдалануға, заңсыз салынған нысандардың құжаттарын реттеуге, ішкі өнімнің көлемін арттыруға, ауылдағы көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүргізіп тұруға шақырды.