Шымкенттің медицина мамандары республикалық жарыста үздік атанды, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпарат агенттігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласында кезекті жедел медициналық көмек бригадаларының және қабылдау бөлімшелері командаларының IV республикалық жарысы өтті. Сайысқа Республика бойынша 17 команда қатысып, Шымкент қаласының жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының бригадасы үздік атанды. Шымкенттің медицина мамандары елордада өткен жедел жәрдем бригадалары арасындағы сайыста үздік атанды. Жерлестеріміз сайыста түрлі жарақаттар, анафилактикалық шок, ЭКГ оқу, босану, жедел коронарлы синдром клиникалық өлім жағдайы бойынша 5 станциялық сыннан сүрінбей өтіп, жедел медициналық қызмет көрсетуде үздік екендерін көрсете білді. Жалпы сайыстың қорытындысы бойынша қаланың жедел жәрдем бригадасы екінші орынға ие болды. Айта кетсек, жарыста қалалық жедел жәрдем бригадасының құрамында дәрігер Мақсат Малыбаев, фельдшерлер Бауыржан Уринбаев, Медетбек Салтанат сынды білікті медицина мамандары болды.