Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «Парасатты полицей» байқауының жеңімпаздары белгілі болды

«Парасатты полицей» байқауының жеңімпаздары белгілі болды

Шымкентте «Парасатты полицей» байқауы өтті. Үшінші мегаполистегі тәртіп сақшылары өнерлерін ортаға салып, сайысқа түсті. Шымкент қаласы полиция департаментінің аудандық полиция басқармаларының арасында дәстүрлі «Парасатты полицей» байқауының жеңімпаздары белгілі болды.

Байқау үш кеңнен тұрды. Тәртіп сақшыларынына құралған әр команда алдымен өз тобын танысытырып, кейін өнерлерін көрсетті. Үшінші кезеңде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның шығармашылығынан үзінді оқыды. Сонымен, әділқазылар алқасының жоғары ұпайына ие болып, жеңіс тұғырынан көрінген «Жол періштелері» командасы 5-6 қыркүйекте Маңғыстау облысында өтетін республикалық байқауға жолдама алады. Екінші орынға «Жұлдызды жігіттер» тобы лайық деп танылса, үздік үштікке «Әл-Фараби ұландары» ие болды.

Ұйымшыл топ номинациясымен «Қақпан» тобы, өнерлі команда ретінде «Абай жастары» арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Аталған өнер сайысы ішкі істер органдары қызметкерлері арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және қоғамда полиция қызметкерлері туралы оң имиджді қалыптастыруға бағытталған.

Пікір жазу