Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Үшінші мегаполисте 2 жоба мақұлданды

Үшінші мегаполисте 2 жоба мақұлданды

Шымкентте «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 2 жоба мақұлданды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин мәлім етті, деп хабарлайды «didarbek.kz».

— Бүгін бір топ қала кәсіпкерлерімен бірге банкке бардым. Өздеріңізге белгілі қазіргі таңда елімізде қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы іске асырылуда. Оның аясында тоқыма, жиhаз, құрылыс материалдары, тамақ өнімдері және ауылшаруашылық өндірістеріне қолдау көрсетіледі. Нақты айтқанда 6% несиелер және 50%-ға дейн кепілдіктер берілуде. Бүгінгі таңда, Шымкент қаласы бойынша бағдарламаға қатысам деген кәсіпкерлерден 100-ден астам өтініштер жиналды, — деді қала әкімінің орынбасары.

Д. Жуминның баяндауынша, бағдарлама аясында жалпы сома көлемі — 75 миллиардтан астам. 2 жоба банк тарапынан мақұлданған, 13 жоба екінші деңгейлі банктерде қарастырылуда.

— Банкке барып, оның басшыларымен де қарапайым менеджерлерімен де ақылдасып сөйлестім. Қарапайым заттар экономикасы жобаларын қарастыру барысында қандай қиыншылықтар бар, қарастыру процесінде уақытты қалай қысқартуға болады деген сияқты сұрақтарды талқыладық. Жоспарым, бір аптаның ішінде бағдарламаға қатысатын барлық 9 банкке бару. Нәтижесінде, қарапайым заттар экономикасы бағдарламасына келіп түскен өтініштерді тезірек қаржыландыруға болады деп үміттенемін, — деді әкім орынбасары.

 

Пікір жазу