Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Менің басты мақсатым — шалғайда орналасқан елдімекендердің тұрғындарына қолайлы жағдай жасау

Менің басты мақсатым — шалғайда орналасқан елдімекендердің тұрғындарына қолайлы жағдай жасау

Ерлан Қуанышұлы алғашқы жұмыс сапарын қаланың шет жағында орналасқан шағынаудандардың тұрғындарымен кездесуден бастады. Қаратау ауданының Исфиджаб тұрғын алабына келіп, ауызсу және электр қуатымен қамту мәселесін тұрғындармен бірге талқылаған қала әкімі ауызсу мәселесін жүйелі түрде шешу бойынша тиісті сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді.

Е.Айтаханов, сонымен қатар, Сайрам тұрғын алабына барып, ондағы инфрақұрылым жүйесімен танысты.Осы сапар барысында қала әкімі жергілікті халықпен кездесіп, екі сағаттан астам уақыт өзекті мәселелерді талқылады. Тұрғындарды толғандырып отырған басты мәселе ауыз су мен сапалы электр энергиясы болып отыр. Кездесу барысында қала әкімі негізгі жұмыс халықтың өмір сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталатынын айтып, көтерілген мәселелерді рет-ретімен шешу міндеті тұрғанын жеткізді.

– Өздеріңізге мәлім, Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі айрықша назар аударып отыр. Халықтың тұрмысын жақсарту бойынша нақты тапсырмалар берді. Менің басты мақсатым — шалғайда орналасқан елдімекендердің тұрғындарына қолайлы жағдай жасау, — деді Е.Айтаханов.

Қала әкімі Шымкентті мегаполис мәртебесіне лайықты ету үшін шалғайдағы шағын аудандардың инфрақұрылымын дамытуды бірінші орынға қойып отыр.
Шымкент қаласындағы күрмеуі шешілмеген әр мәселе күн тәртібінен түспейтінін айтқан мегаполис әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Ерлан Қуанышұлы алдағы уақытта халықпен кездесу үшін барлық елдімекендерге жиі барып тұратынын айтты.

Осылайша қала әкімі халық пен билік арасын жақындату ниетін жеткізді. Өз кезегінде тұрғындар қала әкіміне арнайы келіп, өзекті мәселелерді көтергені үшін ризашылықтарын білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

 

Пікір жазу