Шымкент қаласындағы «Оқушылар сарайында» «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы және мәслихат депутаттары, фракция мүшелері ұйымдастыруымен көпбалалы аналарға көмек беру мақсатында дәстүрлі қайырымдылық «Мектепке жол» акциясы өтті.
Шараға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, сондай-ақ партия мүшелері, депутаттар, білім саласының қызметкерлері, «Jas Otan» ЖҚ Шымкент қалалық филиалы өкілдері қатысты.
Акция мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін көмек көрсету.
Балаларға халық қалаулылары тарапынан киім-кешек пен сөмкелер таратылды. Одан бөлек 60 жас өскіндерге 25 мың теңгеден берілді.
Сондай-ақ, бұл акция еліміздің барлық азаматтарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылуға және өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға, отбасыларға көмек көрсетуде, сондай-ақ мектепке өз жолын табуға қол ұшын беруде үлестерін қосуға шақырады.