Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ШЫМКЕНТТЕГІ 104 МЕШІТТЕ ПАРАСАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ШЫМКЕНТТЕГІ 104 МЕШІТТЕ ПАРАСАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Құрбан айт мерекесіне орай шымкенттегі 104 мешітте парасаттылық бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша  департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.

2019  жылдың 9 тамыз күні Құрбан айт мерекесіне орай жұма намазында 104 мешітке 30 000-нан астам келушілер қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылмен танысты.
Қаланың барлық мешіттерінің имамдары тұрғындарды адал, әділ болуға, парасаттылық қағидаларын ұстануға шақырды.
Дін өкілдері адамның рухани-адамгершілік жағдайын, мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады,сонымен қатар адамдарда кез келген заң бұзушылықтарға төзбеушілікті, соның ішінде сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды тәрбиелейді.
Аталған жұмыс ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасымен, сондай-ақ Шымкент қаласы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылды.
Атап өту керек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті барлық мақсатты топтармен, соның ішінде діни бірлестіктермен парасаттылық қағидаттары туралы тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін атап өту қажет.

Пікір жазу