Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТІҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ПАРАСАТТЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТТІҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ПАРАСАТТЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басты басымдықтарының бірі болып табылады. Осыған орай, барлық күш-жігер сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жоюға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталып отыр.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша  департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.
Осы тәсілдерді жүзеге асыру мақсатында Агенттіктің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуде.
Осындай кездесулердің бірі, ағымдағы жылдың 5 тамыз күні Кеңес Одағының батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің жеке құрамымен ұйымдастырылды.
Кездесу барысында «Жас Ұлан» мектебінің ұжымына сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, сондай-ақ қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша қабылданған шаралар жайында айтылды.
Осы тұрғыдағы жұмыстар тұрақты негізде жалғасатын болады.

Пікір жазу