Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ХАЛЫҚ ҮШІН «ХАЛЫҚ БАНКІНІҢ» СЕГІЗ БАНКОМАТЫ СПОРТ КЕШЕНІ ҒИМАРАТЫНА ОРНАТЫЛДЫ!

ХАЛЫҚ ҮШІН «ХАЛЫҚ БАНКІНІҢ» СЕГІЗ БАНКОМАТЫ СПОРТ КЕШЕНІ ҒИМАРАТЫНА ОРНАТЫЛДЫ!

Халық үшін «Халық банкінің» сегіз банкоматы спорт кешені ғимаратына орнатылды, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.

Арыс қаласындағы орын алған оқиғадан зардап шеккен қала тұрғындары үшін бір реттік жүз мың теңге көлеміндегі өтемақының берілетіндігін бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. Осы орайда, қала тұрғындарының назарына өтемақы алуға болатын Халық банкі анкоматтарының мекен-жайы туралы хабарламаны ұсынып отырмыз.

Құрметті Арыс қаласының тұрғындары!

Арыс қаласында жалпы Халық банкінің 10 банкоматы бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінен бөлінген бір ретттік өтемақы жүз мың теңгені алу жұмыстарын жеңілдету мақсатында Стадион тұрғын ауданы, Ө.Жәнібеков көшесі 17б мекен-жайында орналасқан Спорт кешені ғимаратында Халық банкінің 8 банкоматы орналастырылды. Бүгінгі таңда қала тұрғындарына 27732 дана төлем карталары таратылды. Төлем карталары дайын 4500 жуық азаматтың төлем карталары дайын.


12 тамыздан бастап сағат 09:00 — 19:00 аралығында төлем карталары Арыс бастауыш мектебінде және 376 бастауыш мектебінде тарқатылатынын хабарлаймыз! Төлем карталарын алмаған тұрғындар тиісті карталарыңызды алуларыңызды өтінеміз!

Пікір жазу