Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – АСЫЛ ҚАСИЕТ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – АСЫЛ ҚАСИЕТ

Арыс – ұлылардың табаны тиген, рухы қалған киелі қала.
Себебі, қаланың атын асқақтатуға республикаға танымал перзенттері елеулі үлес қосты.
Бүгін, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Жарылқасынұлы Әбдірайым бастаған түрлі кәсіподақ ұйымының төрағалары Арыс елінің тұрмыс жағдайымен танысу мақсатында қалаға арнайы іс-сапармен келді, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz».

Сапар барысында Федерация төрағасы Б.Әбдірайым қаламызға тарту ретінде Арыс қаласының кіре беріс қақпасына қаланың төлқұжатын сипаттайтын құны 30,0 млн. теңгені құрайтын арнайы арка құрылысын жүргізу мақсатында аталған нысанның капсула қою рәсіміне қатысып, іргетасын қалады.
Аталған іс-шараға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары К.Айтмұхаметов, қала әкімі М.Қадырбек, облыстық салалық кәсіподақтардың өкілдері мен ардагерлері, қаламыздың зиялы қауым өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, қала әкімдігінің мәжіліс залында тұрғындардың шипажайларда демалып, олардың денсаулығын сауықтыру мақсатында қаламыздың бір топ ардагерлеріне шипажайға жолдамалар табыстады.
Сондай-ақ, барша мұсылман қауымының ұлық мерекесі қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай арнайы Кәсіподақтар атынан қала тұрғындарына ас беріп, құран бағыштады.
Сапар соңында шаһар басшысы Мұрат Болатұлы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Б.Әбдірайымға «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп дана қазақ халқы өсиет еткен өнегелі сөзді жүрегіне жақын тұтып, қиыншылыққа тап болған Арыс
халқына көмек ретінде жасап жатқан игі істеріне алғыс білдірді.

Пікір жазу