Түлкібас ауданындағы Әлеуметтік қызметтер орталығы «Халықты жаңа дүниемен жұмыс жасауға бағыттау үшін бізде көптеген түсіндірме жұмыстары жүргізуде, деп хабарлайды Түлкібас аудандық «Шамшырақ» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz». Арнайы ақпараттық- технологияға жауапты мамандар емханаға келушілермен тығыз байланыс жасауда. Әр кірген науқастар мен келушілерге осы ақпарттық теледидар жұмысын түсіндіріп, сайтты қажетінше қалта телефонына жаздырып алуды насихаттауда.
Халық бұл жаңа дүниеге тез үйренді. Өйткені заманымыз ақпараттың дамыған дәуірінде. Сол себепті де, тұрғындар арнайы сайтқа тіркелуді тез бастады. Олар дәрігер қаралуына қалаған уақытында жазылып, керекті мағлұматты сайт арқылы біліп отыр. Сайт тілі тұрғындарға түсінікті, өте қарапайым болу үшін біздер арнайы сайт жобасын жасақтап жатырмыз. Сайт жасалуда. Ары кетсе бір жетінің көлемінде дайын болып, халыққа ұсынылады деген сенімдеміз. Ол жобада бәрі нақты, анық әрі түсінікті көрсетілген. Енді сол бойынша жұмыс жасайтын боламыз,- дейді бас дәрігердің емхана ісі жөніндегі орынбасары Ақылбаева Жансұлу Маякқызы.
Шынымен де емхана ішіне қарасаңыз баяғыша ағылған халық жоқ. Дәлізінде не дәрігер есігінде тұрған топ адамды көрмейсіз де. Бұл халықтың жақсы жаңалықты, жаңа жобаны тез үйреніп алғанының көрінісі. Тұрғындар үшін жасаған жобалар игілігтеріне жараса нұр үстіне нұр болары анық. Емханаға жан емін іздеп келген науқастар бұл жобаны қолдап, қорлпаштайтытын айтып жеткізді.
-Мұндай тиімді жобаны іске асырып отырған барша емхана ұжымына алғысым шексіз. Өте тиімді, тез, әрі сапалы қызмет деп осыны айтар едім. Кезек күтіп, айқайласып, дауласып, таласатын заман бітті. Енді жаңа дүниемен жаңа бағытта қарай бой ұсынамыз. Өз басым қалта телефоным арқылы дәрігерге жазылып келіп отырмын. Емханаға белгіленген уақыттан 5 минут бұрын ғана кірдім. Енді міне жұмыстарымды бітіріп, қажетті дәрігерімен көрініп қайтып бара жатырмын. Мұндай тиімді, ұтымды жұмысты қалай қолдамасқа?- дейді аудан тұрғыны, көп балалы ана.
Қарқынды жұмыспен тиімді дүниені халыққа ұсынған емхана ұжымының алдағы жұмысына сәттіліктер тілейміз. Ауырып ем іздеген халыққа тиімді бағыт берген ақ халатты абзал жандар қашанда ел өмірі үшін, денсаулығының дұрыс болуы үшін аянбай тер төгеді деген сенімдеміз.