Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САҢҒЫЛ БИ КЕСЕНЕСІ

САҢҒЫЛ БИ КЕСЕНЕСІ

Басына қойылған белгісі мен қабірі Созақ ауданы, Қозмолдақ ауылының оңтүстік-шығысында Басбұлақ ауылының іргесінде орналасқан. Саңғыл би кесенесі – сәулет өнерінің ескерткіші. 1999 жылдары салынған. Биіктігі – 18 метр болса, жалпы көлемі – 78 шаршы метр. Кесене есігі шығысқа қараған. Кіреберісте үш есік бар: тіке, оң және сол қаптал есігі. Тіке есік Саңғыл би жатқан бөлмеге, ал оң және сол қаптал есіктер екінші қабатқа көтеріледі.

Саңғыл би – ХІІ-ХІІ ғасырда өмір сүрген әйгілі би, әулие, қоғам қайраткері. Қоңырат тайпасынан шыққан. Тарихи деректер, орыс және қазақ тіліндегі зерттеулер, шежірелер, сондай-ақ халық арасында ауызша тараған аңыздарға қарағанда, ол 1206 жылғы құрылтайда Шыңғыс ханды ақ киізге көтеріп хан сайлаған қоғам қайраткерлерінің бірі болып саналады. Саңғыл би Шыңғыс ханның Хорезмге жорығына қатысқан. Жорықтан кейін өзінің қол астындағы қоңыраттармен Сыр бойында, яғни Жошы ұлысында қалған.

Саңғыл бидің басты қасиеті – ұрпағына жанашыр пейілінде, сондай-ақ ел қамын жеген игі кісілерге қамқор көңілінде, оларға ақыл-парасат, ой тереңдігі мен көрегендігін дарытуға дәнекер.

«Қазыналы Оңтүстік» ғылыми-көпшілік басылымы

 

Пікір жазу